27 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетімен-болашаққа» жобасы аясында «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты мен міндеті: Жас оқырмандардың халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері: жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдермен таныстыру және халық шығармасының бұл түрлерін бір – бірінен ажырата білуі, мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуін және ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Сайысқа 7 аудан,2 қала кітапханаларынан 9 оқырман қатысып, Сарқан аудандық Ақын Сара атындағы орта мектебінің 6 «а»сынып оқушысы Жақып Айша Юсуфқызы жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.
|